Academy_pro
05/08/2024
Құрметті әріптестер!
5 тамызда Қазақстан Республикасы “Медиация туралы” Заңның қабылданғанына 13 жыл толған мереке күні құтты болсын!
Сот жүйесі және қоғамда әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға және татулықты нығайтуға қосқан үлестері үшін Шымкент қаласы сотының төрағасы Адилхан Шайхисламұлы Шайхисламов 2023 - 2024 жылдың есебі бойынша кәсіби медиаторларды марапаттады, тілектер айтылып болашақта да бірлесіп жұмыс жасайтынымызды жоспарлады.
“Республикалық медиаторлар Қауымдастығы” ЗТБ -гі атынан барлық медиаторларды бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға береке тілеймін!
Аспанымыз ашық, елімізде бірлікпен татулық болсын!
05/08/2023
Медиация - татулық тірегі
Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істер жөніндегі басқармасы “Қоғамдық келісім” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде және қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен “ Медиаторлардың кәсіби мерекесі аталып өтілді.
Іс-шараға Шымкент қаласы “Қоғамдық келісім” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Е. Байқонақов, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Б.Әділханов, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар қатысты.
Аталған жиынды Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істер жөніндегі басқармасы “Қоғамдық келісім” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Е. Байқонақов ашып, өз сөзінде «Медиация туралы» ҚР Заңының маңыздылығы мен ерекшеліктерін атап, медиаторларды кәсіби мерекесімен құттықтап, сөз кезегінде “Еуразиялық медиация орталығы” ҚБ жетекшісі, Шымкент қаласы ҚХА жанындағы медиация кеңесінің төрайымы Л. Ақшегирова “Ұлтаралық қатынастағы медиация” тақырыбында,
“Республикалық медиаторлар Қауымдастығы” ЗТБ президенті
Н. Оразкулова “Этномедиатор жұмысының тәсілдері мен әдістерінің ерекшеліктері” тақырыбында докладттар оқылды.
Семинарда медиаторларды кәсіби мерекісмен құттықтап, медиацияның дамуы, яғни даулы және жанжалды жағдайларды шешу барысында азаматтардың ымыраға келуге дайындығы, сонымен бірге жиналғандар қоғамға медиацияның қажеттілігі, соның ішінде оның оңтайлы тұстары, қоғамдық сананы жаңғыртудың маңызды белгілерінің бірі болып табылатындығын атап медиаторларға алғыс хат табыстады.
#медиацияшымкент
#этномедиатор
#этномедиация
#республикалықмедиаторларқауымдастығы
08/04/2023
Медиация Атырау облысы білім беру жүйесінде облыстың 35 мектеп қызметкерлерін қамтып, бұрын болмаған шеберлік сағаты ретінде, өзекті дауларды көтере отырып тиімді шешімге тараптарды келтіру жолдары қарастырылды, бұл жобаны ұйымдастырышу
Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы "Қоғамдық келісім" КММ басшысы Ляззат Кеңесқызы Джылкышиева және Атырау облысының Білім беру Басқармасы
Click here to claim your Sponsored Listing.
Category
Website
Address
мкр. Нурсат 126/37
Shymkent
160023