Yko Museum
23/02/2026
2026 ж. 02 ақпанда Республикалық ғылыми- әдістемелік, педагогикалық “ Мектеп - қоғам айнасы” журналына Айнабек Оспанов, қылқаламмен өрілген өмір жолы атты мақала жарияланды.
Осыған орай Түркістан облыстық Бейнелеу өнері музейі ғылыми қызметкер Амангелді Ақерке Қанатқызы сертификат, алғас хатпен марапатталды.
23/02/2026
Музей қоры цифрлы форматта💻
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрi A.Ғ. Балаеваның 2025 жылғы 24 желтоқсандағы хаттамалық тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі «E-museum» веб порталындағы ақпаратты өңдеу және мәлiметпен толықтыру бойынша оқыту семинары болды.
Шара Мәдениет комитетіне қарасты музейлер мен музей қорықтар, сондай-ақ 17 облыс орталығы жǝне республикалық маңызы бар Астана,Алматы, Шымкент қалаларының музей мамандарының қатысуымен онлайн және оффлайн форматта ұйымдастырылды. Түркістан облыстық Бейнелеу өнері музейінің бөлім басшысы Тұрлыбекова Шамшат Асқанқызы жауапты маман ретінде ҚР Ұлттық музейіне іссапармен барды.
Іссапар-музей қызметінің цифрландыру бағытындағы маңызды қадамдарының бірі болды. Ол мамандардың кәсіби біліктілігін арттырып қана қоймай, Түркістан облыстық Бейнелеу өнері музейінің қорын заманауи талаптарға сай тиімді басқаруға, сондай-ақ халыққа қолжетімді ашық онлайн жүйе қалыптастыруға мүмкіндік береді.
🏔 “БИІК ТАУЛАР” КӨШПЕЛІ КӨРМЕСІ 🖼
2026 жылғы 10 ақпанда Түркістан облыстық Бейнелеу өнері музейі облыс аумағында ұйымдастырылатын жылжымалы көрмелер легін бастап, алғашқы “Биік таулар” көшпелі көрмесін Төле би аудандық мәдениет үйінде өткізді.
Көрме Түркістан облысы әкімдігі, облыстық мәдениет басқармасы, Төле би аудандық мәдениет басқармасы мен мәдениет үйінің қолдауымен жүзеге асты.
Көрменің ашылу салтанатында Төлеби аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әсібек Әуесбек Жақсыбекұлы мен Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Оспанов Айнабек Мыңжасарұлы сөз сөйлеп, мәдени бастаманың маңыздылығына тоқталды. Дәстүрлі ән шырқалып, көрме халық назарына ұсынылды.
🎯 Көшпелі көрменің басты мақсаты – музей қорындағы құнды туындыларды облыс тұрғындарына кеңінен таныстыру, халықтың өнерге деген қызығушылығын арттыру және өңірдің табиғаты мен тарихи, киелі орындарын насихаттау.
Көрмеге түркі елдері мен Қазақстанның белгілі суретшілерінің кескіндемелік туындылары қойылып, Түркістан өңірінің табиғи көріністері мен тарихи мекендері бейнеленді.
✨ Бұл жоба ауыл-аймақ тұрғындарының рухани дүниесін байытып, көркем өнер арқылы туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған маңызды мәдени бастама.
#БиікТаулар
#КөшпеліКөрме
#БейнелеуӨнері
#ТүркістанӨңірі
#МәдениМұра
ӨнерХалыққа
26/09/2025
🍁Тазалық- өз қолымызда акциясымен Түркістан облыстық Бейнелеу өнері музейінің аумағына музей қызметкерлері тазалық жұмыстарын жүргізді.
Click here to claim your Sponsored Listing.
Category
Website
Address
Shymkent
160012