Semey Medical University
Semey State Medical University is one of the biggest higher medical education establishments of Kazakhstan Republiс, which has its own teaching hospital with the branches in the Pavlodar city. The biggest dynamics of university’s infrastructure development is given to intensive growth opportunities of the educational, scientific and innovational prosperity. There are 8 faculties with more than 36
Бүгін Радиологиялық медицина және ғылым өңірлік кластерін құру мәселесіне арналған дөңгелек үстел отырысы өтті. Іс-шара стратегиялық маңызы бар жобаны іске асырудың бірлескен тәсілдерін әзірлеу мақсатында мемлекеттік органдардың, ғылыми қауымдастықтың, медициналық ұйымдар мен жоғары оқу орындарының өкілдерін бір алаңға тоғыстырды.
Талқылауға Абай облысы әкімдігінің, Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, Семей медицина университетінің, Шәкәрім университетінің, Alikhan Bokeikhan University ғалымдары, Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институтының, Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының, Ядролық технологиялар паркінің, Ядролық медицина және онкология орталығының өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар кластерді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерін, ведомствоаралық тиімді өзара іс-қимыл тетіктерін, ғылыми зерттеулердің перспективалық бағыттарын, мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселелерін, сондай-ақ инновациялық инфрақұрылымды дамыту және ғылыми-медициналық жобаларға инвестициялар тарту мәселелерін талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша бастаманы одан әрі іске асыруға қатысты ұсыныстар қал�
24/06/2026
Семей медицина университетінің спорттық лагерінде Басқарма Төрағасы – Ректор Алтай Дюсуповтың қолдауымен университет ардагерлері мен «Күміс университет» жобасының қатысушыларына арналған Медицина қызметкері күніне орай мерекелік іс-шара өтті.
Басқарма Төрағасы жиналған қауымды кәсіби мерекемен құттықтап, көп жылғы адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және медициналық білім мен денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін шынайы алғысын білдірді. Ол университеттің өз ардагерлерін әрдайым жоғары бағалайтынын, ұрпақтар сабақтастығының үздік дәстүрлерін сақтай отырып, бүкіл ғұмырын медицина мен қоғамға қызмет етуге арнаған жандарға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Ардагерлерге құрмет ретінде алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Іс-шараға қатысушылар үшін концерттік бағдарламалар мен сергіту жаттығуларын қамтыған мазмұнды мәдени-сауықтыру бағдарламасы ұйымдастырылып, баршаға көтеріңкі көңіл-күй мен сергектік сыйлады.
Мереке барысында ардагерлер мен «Күміс университет» жобасының қатысушылары еркін жағдайда пікір алмасып, естеліктерімен бөлісіп, ақжарма тілектерін жеткізді. Қатысушылар университет басшылығына және ұйымдастырушыларға көрсеткен ықыласы, қамқорлығы мен осындай жылы әрі тағылымды кездесуді ұйымдастырғаны үшін шынайы ризашылықтарын білдірді.
Click here to claim your Sponsored Listing.
Category
Contact the school
Telephone
Website
Address
Kazakhstan, Abay Street 103
Semey
071400