46school_semey
02/06/2026
"N46 жалпы орта білім беретін мектебі "КММ жазғы сауықтыру орталығында "Жақсы сөз-жарым ырыс" ойыны, жүрекше ашықхаттар жасады. Ұлдар командасы футболдан жарысқа қатысып, бүгінгі күнде тамаша өтті.
«Бала күлкісі – әлемнің сәні»
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай "№ 46 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ ұжымы Степной кентінің кішкентай бүлдіршіндеріне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
Мерекелік бағдарлама аясында балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын концерттік нөмірлер ұсынылып, спорттық жарыстар, асфальтқа сурет салу байқауы және қолөнер бұйымдарының көрмесі өткізілді.
Іс-шара барысында бүлдіршіндер өз өнерлері мен белсенділіктерін көрсетіп, қызықты ойындар мен сайыстарға қатысты. Әсіресе спорттық жарыстарда ерекше белсенділік танытқан балалар жүлделі орындарға ие болып, грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.
Балалардың шат күлкісі мен қуанышты жүздері мерекенің басты сәніне айналды. Осындай жарқын күн бүлдіршіндердің есінде ұзақ сақталатыны сөзсіз.
Балаларға бақытты балалық шақ, мықты денсаулық және жарқын болашақ тілейміз!
01/06/2026
Құрметті оқушылар және ата-аналар!
Назарларыңызға «Мектеп тынысы» газетінің мамыр айындағы №9 басылымын ұсынамыз!
Бұл нөмірде:
• Мектеп өміріндегі маңызды жаңалықтар;
• Оқушылардың шығармашылық жетістіктерін көре аласыздар;
✨ Білімді ұрпақ – жарқын болашақ кепілі! ✨
Click here to claim your Sponsored Listing.
Category
Website
Address
Шалқар көшесі 1 ғимараты
Semey
Opening Hours
| Monday | 09:00 - 17:00 |
| Tuesday | 09:00 - 17:00 |
| Wednesday | 09:00 - 17:00 |
| Thursday | 09:00 - 17:00 |
| Friday | 09:00 - 17:00 |
| Saturday | 09:00 - 17:00 |