Kaftppib
01.04.2022жылы Шәкәрім шаңырағында Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық ғылымдар академиясының корреспондент – мүшесі, профессор Елемес Төлеуұлы Төлеуовтың туғанына 80-жыл толуына арналған үлкен іс шаралар өткізілді.
✨Бірінші кезекте, Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық ғылымдар академиясының корреспондент – мүшесі, профессор Елемес Төлеуұлы Төлеуовтың құрметіне ғылыми мектеп кітапханасы ашылды.
Рәсімге университет басшылығы, профессор –оқытушылар құрамы мен марқұмның туыстары, ҚР отандық және шетелдік ғалымдары қатысты.
Ғылыми кітапхананың қорына кафедрада 1993ж бастап жұмыс істеген диссертациялық кеңесте қорғалған 10 докторлық және 85 кандитаттық диссертациялардың авторефераттары, 11 PhD диссертациялары кірді. Сонымен қоса, Елемес Төлеуұлына арнап шығарылған естелік кітабы мен өмірінің негізгі кезеңдері, ғылыми еңбектері бар библиографиясы қойылды.
✨Екінші кезекте, Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық ғылымдар академиясының корреспондент – мүшесі, профессор Елемес Төлеуұлы Төлеуовтың құрметіне арналған «Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін әлемдік азық-түлік хабына түрлендіру: алғы шарттары және болашағы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.
💫Іс –шара ШҚО, Павлодар, Семей қаласының тауар өндірушілерінің азық түлік өнімдерін сату көрмесімен басталды.
💫Конференция жұмысына ЖОО ғалымдары, шетелдік ғалымдар,Ұлттық аграрлық ғылым-білім беру орталығының өкілдері,агроөнеркәсіп кешенінің қызметкерлері, тамақ және қайта өңдеу саласының мамандары қатысты.
Аталған халықаралық ғылыми –тәжірибелік конференцияда:
💫Азық-түлік өнімдерінің өндірісі мен технологияларын дамытудың заманауи үрдістері
💫Тамақ өнімдерін өндірудің технологиялық үрдістері мен құрал-жабдықтарын жетілдіру
💫Азық-түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері 💫Қазақстан экономикасын дамытудың инновациялық бағыттары
💫Аөк салалары үшін бәсекеге қабілетті кадрлар даярлау мәселелері
бағыттарында 200 –ге жуық баяндамалар тыңдалынды.
Click here to claim your Sponsored Listing.
Category
Website
Address
Semey