Human Rights Hub

Human Rights Hub

Share

HR Hub - место, где могут встречаться представители гражданского общества, правозащитники, активисты, художники, IT специалисты и др. HR Hub - место которое основано на демократических ценностях, уважения прав и достоинства человека, и равенства всех групп.

Наша цель стать местом, которое сможет построить мосты между разными группами людей.

Вы можете здесь проводить:
✔ трениниги ( до 30-40 чел

Photos from Human Rights Hub's post 18/03/2026

: 💜 Әйелдердің өз құқықтары мен еркін өмірі үшін күресі тарихта төрт негізгі толқыннан тұрады.

⚡️ Бірінші толқын (XIX ғ. – XX ғ. басы) барысында суфражист-әйелдер шерулер мен наразылықтар ұйымдастыру арқылы ерлермен тең дәрежеде дауыс беру, мүлікке иелік ету және жоғары білім алу құқықтарын жеңіп алды.

⚡️ Екінші толқын (1960–1980 жж.) қоғамдық теңдік пен әйел өз өміріне өзі билік ету мәселесіне арналды. Бұл кезде әйелдер тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған алғашқы дағдарыс орталықтарын ашып, бірдей жалақы төлеуді және ана болуды өздері жоспарлау құқығын талап етті.

⚡️ Үшінші толқында (1990–2010 жж.) белсенділер таптаурындарды бұзып, әйелдерді бұқаралық мәдениетте тек «әдемі зат» ретінде көрсетуге қарсы шықты. Сонымен қатар, бұл кезеңде тек ақ нәсілді бай әйелдердің ғана емес, барлық қоғам өкілінің құқығын қорғауға (интерсекционал) назар аударылып, жұмыс орнындағы қудалауларға қарсы алғашқы сот істері басталды.

⚡️ Ал қазіргі төртінші толқын (2012 жылдан бастап) жүйелі зорлық-зомбылыққа және интернеттегі қауіпсіздікке бағытталған. Бұл кезеңде әлеуметтік желілердегі сияқты жаһандық науқандар үлкен күшке ие болды. Қазақстанда #НеМолчи қозғалысының арқасында қоғамдық резонанс туындап, нәтижесінде 2024 жылы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң қатаңдатылды.

Тең мүмкіндіктер жасай берсін!

🙌🏼 Мәтінді дайындаған Ясмина Сатыбалдиеваға зор алғыс айтамыз!

Photos from Human Rights Hub's post 25/02/2026

⚡️ Алматыда бұрынғы православ діни қызметкер Иаков Воронцов қамауға алынды

Тергеу сотының шешімі бойынша Воронцов екі айға қамауға жіберілді. Құқық қорғау органдары оны 13 ақпанда, өз діни бірлестігін тіркеуден бас тартқан мемлекеттік органның үстінен шағым түсіргеннен кейін ұстаған.

Азаматтық қоғам өкілдері бұл істі оның Украинадағы соғысқа қарсы көзқарасымен және Мәскеу патриархатынан тәуелсіз діни құрылым құруға ұмтылысымен байланыстырады.

🔍 Православ әлемінде аса сезімтал саналатын автокефалия мәселесі Воронцовтың діни қызметінен шеттетілуіне ықпал еткен негізгі факторлардың бірі ретінде аталады.

Photos from Human Rights Hub's post 02/02/2026

💪🏽 Freedom House халықаралық ұйымы әлемнің 72 еліндегі интернет еркіндігінің деңгейін бағалаған кезекті зерттеуін жариялады. Рейтингті түзу барысында сарапшылар интернетке қолжетімділік, контентті цензуралау және пайдаланушылар құқығының сақталуы сияқты үш негізгі өлшемшартты басшылыққа алған. Осы зерттеу нәтижесінде Қазақстан жалпы тізімде 53-орынды иеленіп, интернет бостандығы шектелген «еркін емес» елдер қатарына жатқызылды.

Want your establishment to be the top-listed Arts & Entertainment in Nur-Sultan?
Click here to claim your Sponsored Listing.

Telephone

Address


Kenessary 8, 1405
Nur-Sultan
010000

Opening Hours

Monday 10:00 - 20:00
Tuesday 10:00 - 20:00
Wednesday 10:00 - 20:00
Thursday 10:00 - 20:00
Friday 10:00 - 20:00
Saturday 10:00 - 20:00
Sunday 10:00 - 20:00