Qazpost
АО ''Казпочта'' - крупнейший почтовый и финансовый оператор страны.
Игі істер жолында бірге
🏃♀️ Қазпошта «Самұрық-Қазына» АҚ ұйымдастырған IV Charity Samruk Marathon қайырымдылық марафонына қатысты. Жүгірістен жарысқа 3 мыңға жуық адам жиналды.
📮 Қазпошта командасы додаға ерекше құлшыныспен қатысып, іс-шараның ажарын аша түсті. Компания қызметкерлері түрлі қашықтықты бағындырып, бүкіл бағыт бойында ауызбіршілік, жігер мен мықты мінез танытты.
🥉 Жарыс жолында қатысушыларға демеу болып, рух берген жанкүйерлердің қолдауы ерекше атап өтілді. Нәтижесінде Қазпошта «Үздік қолдау көрсетуші» номинациясы бойынша 3-орынды иеленді.
🎉 Іс-шара барысында қатысушылар үшін шеберлік сағаттары мен интерактивті бағдарламалар қамтылған тақырыптық аймақтар ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында пластик қалдықтарын жинау және аумақты тазарту жұмыстары жүргізілді.
🤝 Айта кетейік, марафон барысында жиналған қаражат инклюзияны дамытуға жұмсалады. Samruk-Kazyna Trust қоры арқылы елордалық мектептерде 15 инклюзияны қолдау кабинеті ашылған болса, биыл тағы 10 кабинет ашу жоспарланған.
🔹
Вместе ради добрых дел
🏃♀️ Казпочта приняла участие в IV Charity Samruk Marathon, организованном АО «Самрук-Қазына». В забеге приняли участие около 3 тысяч человек.
📮 Команда Казпочты вышла на старт с особым настроем и задала тон всему событию. Сотрудники компании преодолели различные дистанции, показав сплоченность, энергию и характер на протяжении всего маршрута.
🥉Отдельно отмечена поддержка болельщиков, которая создавала атмосферу и придавала сил участникам. По итогам Казпочта получила 3 место за команду поддержки.
🤝 К слову, средства, собранные в ходе марафона, направят на развитие инклюзии. Через Samruk-Kazyna Trust в столичных школах уже открыто 15 кабинетов поддержки инклюзии, в нынешнем году планируется открыть еще 10.
28/04/2026
2026 жылғы Халықаралық хат жазу байқауы басталды!
📬 Дүниежүзілік пошта одағы (UPU) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен ЮНЕСКО-ның қолдауымен 55-ші Халықаралық хат жазу байқауын жариялады. Байқаудың тақырыбы: «Цифрлық әлемде адамдар арасындағы байланыс неліктен маңызды?»
✉️ Байқауға Қазақстанның 9 бен 15 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатыса алады. Хатты ағылшын тілінде (800 сөзге дейін) барлық ережелерге сай рәсімдеп жазу қажет: мекенжайы, сәлемдесуі, негізгі бөлімі және қолы болуы тиіс.
📅 Жұмыстар 2026 жылдың 3 мамырына дейін қабылданады. Қазпошта ең үздік хатты таңдап алып, оны ел атынан халықаралық кезеңге жолдайды.
💛 Бұл байқау жазбаша сөйлеу мәдениетін дамытуға, ойды жүйелі жеткізуге және тікелей араласудың құндылығын түсінуге көмектеседі. Сондай-ақ бұл өз көзқарасыңмен бөлісіп, әлемге дауысыңды естіртудің үлкен мүмкіндігі.
📩 Хаттарыңызды [email protected] электронды поштасына жіберіп, ауқымды халықаралық жобаның мүшесі атаныңыз!
💡 Толық ақпарат профиль сипаттамасындағы сілтеме бойынша қолжетімді.
🔹
Старт Международного конкурса писем 2026!
📬 Объявлен 55-й Международный конкурс писем от Всемирного почтового союза (UPU) при поддержке Всемирной организации здравоохранения и ЮНЕСКО. Тема конкурса: «Почему важна человеческая связь в цифровом мире».
✉️ К участию приглашаются школьники Казахстана от 9 до 15 лет. Нужно написать письмо на английском языке (до 800 слов), оформив его по всем правилам: адрес, приветствие, основная часть и подпись.
📅 Работы принимаются до 3 мая 2026 года. Казпочта выберет лучшее письмо и направит на международный этап от имени страны.
💛 Конкурс помогает развивать письменную речь, учит выражать мысли и ценить живое общение. Это шанс поделиться своим взглядом и быть услышанным во всем мире.
📩 Отправляйте письма на: [email protected] и станьте частью большого международного проекта!
💡Подробная информация доступна по ссылке в описании профиля.
27/04/2026
Қазпошта жаңа маркаларды айналымға енгізді
📮 «Қазпошта» АҚ мемлекеттік пошта төлемі белгілерінің жаңа үлгілері шыққанын хабарлайды. Көпшілік назарына екі серия ұсынылды: «Шығыс күнтізбесі» цикліндегі «Жылқы жылы» тақырыбы және осы аттас марканың 70 жылдығына орайластырылған «EUROPA» сериясы.
🐎 «Жылқы жылы» маркасы бар пошта блогы шығыс күнтізбесінің стилистикасында орындалған: жыл символының орталық бейнесі зодиак шеңберінің элементтерімен толықтырылған. Жасыл түс гаммасындағы ұлттық және күнтізбелік мотивтерге басымдық берілген жинақы графика қолданылды. Номиналы 500 теңге, таралымы 2 000 дана.
🌍 «EUROPA» сериясының маркалық парағы 6 маркадан тұрады және ол динамикалық сызықтар мен градиенттері бар заманауи геометриялық композициясымен ерекшеленеді. Дизайн пошта кеңістігінің өзара іс-қимылы мен даму идеяларын бейнелейді. Номиналы 1 800 теңге, таралымы 10 000 дана. Дизайнды PostEurop ұсынды, техникалық өңдеуін жасаған Ғ. Өмірбеков.
📬 Маркалар коллекционерлер мен филателия әуесқойлары үшін сатылымға шықты.
🔹
Казпочта ввела в обращение новые марки
📮 АО «Казпочта» сообщает о выпуске новых государственных знаков почтовой оплаты. Представлены две серии: «Восточный гороскоп» с темой «Год Лошади» и «EUROPA», приуроченная к 70-летию одноименной марки.
🐎 Почтовый блок с маркой «Год Лошади» выполнен в стилистике восточного календаря: центральный образ символа года дополнен элементами зодиакального круга. Использована лаконичная графика с акцентом на национальные и календарные мотивы, в зеленой цветовой гамме. Номинал 500 тенге, тираж 2 000 экземпляров.
🌍 Марочный лист серии «EUROPA» состоит из 6 марок и отличается современной геометрической композицией с динамичными линиями и градиентами. Дизайн отражает идеи взаимодействия и развития почтового пространства. Номинал 1800 тенге, тираж 10 000 экземпляров. Дизайн предоставлен PostEurop, техническая доработка Г. Умирбеков.
📬 Марки уже доступны для коллекционеров и ценителей филателии.
Click here to claim your Sponsored Listing.
Category
Contact the organization
Telephone
Website
Address
Улица Бейбітшілік 37
Nur-Sultan
010000