Samruk Energy

Samruk Energy

Share

Photos from Samruk Energy's post 19/05/2026

Самұрық-Энергоның омбудсмендері жасанды интеллект құралдарын меңгерді

🎓«Самұрық-Энерго» АҚ-ның омбудсмені Нариман Ақылов және бірқатар еншілес компаниялардың омбудсмендері даулы жағдайларды реттеуде, этикалық және еңбек мәселелерін талдау мен шешуде жасанды интеллектті қолдану курстарын өтті.

📍Оқу Алматы қаласында Жоғары технологиялар институтының алаңында өтіп, оған «Самұрық-Қазына» АҚ-ның портфельдік компанияларының омбудсмендері қатысты.

📱 Қатысушылар промпт-инжиниринг негіздерін, тілдік модельдердің жұмыс істеу қағидаттарын, сондай-ақ ЖИ-құралдарын қолдана отырып даулы жағдайларды талдау тәжірибесін меңгерді. Оқу барысында виртуалды көмекшілерді құру және қауіпсіз пайдалану мәселелеріне басымдық бере отырып, жетекші ЖИ-платформалар қарастырылды.

Жасанды интеллект құралдарын омбудсмен институттарының қызметіне енгізу өтініштермен жұмыс істеудің жеделдігі мен сапасын арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашады.

***

Омбудсмены Самрук-Энерго прошли обучение по применению искусственного интеллекта

🎓 Омбудсмен АО «Самрук-Энерго» Нариман Акылов, а также омбудсмены некоторых дочерних компаний прошли курсы использования искусственного интеллекта в урегулировании конфликтов, анализе и решении этических и трудовых вопросов.

📍Обучение проходило в Алматы на площадке Института высоких технологий, где собрались омбудсмены портфельных компаний АО «Самрук-Қазына».

📱 Участники изучили основы промпт-инжиниринга, принципы работы языковых моделей, а также практику разбора конфликтных ситуаций с применением ИИ-инструментов. В ходе обучения были рассмотрены ведущие ИИ-платформы с акцентом на безопасное использование и создание виртуальных помощников.

Внедрение инструментов ИИ в деятельность институтов омбудсмена открывает новые возможности для повышения оперативности и качества работы с обращениями.

Photos from Samruk Energy's post 18/05/2026

Самұрық-Энерго 2025 жылғы сатып алу қызметін қорытындылады

⏩«Самұрық-Энерго» АҚ-да еншілес және тәуелді ұйымдардың 2025 жылғы сатып алу қызметінің қорытындылары бойынша жұмыс кеңесі өтті.

▪️Кездесу барысында компаниялар тобының сатып алу қызметінің негізгі көрсеткіштері қаралды. Атап айтқанда, сатып алудың жылдық жоспарының орындалуы, отандық тауар өндірушілермен өзара іс-қимыл деңгейі, ел ішіндегі құндылық үлесі, сондай-ақ тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу рәсімдерінің тиімділігі талқыланды. Қазақстандық өндірушілерді қолдау және сатып алу процестерінің тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

📌Кеңес қорытындысы бойынша еншілес және тәуелді ұйымдарға «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Сатып алуды жүзеге асыру тәртібінің қатаң сақталуын қамтамасыз ету, сатып алу рәсімдерін өткізу кезінде отандық өндірушілерге басымдық беру, сондай-ақ ел ішіндегі құндылық үлесін арттыру бойынша жұмысты күшейту тапсырылды.

📃Сонымен қатар, импортты алмастыру бағытындағы іс-шараларды жандандыру, офтейк-келісімшарттар жасау тәжірибесін кеңейту және сатып алу саласындағы корпоративтік негізгі көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз ету қажеттігі атап өтілді.

⬇️⬇️⬇️

Photos from Samruk Energy's post 18/05/2026

Нұрлыбек Нәлібаев Алматы қаласына жұмыс сапары кезінде екінші және үшінші жылу электр орталықтарында болып, ауқымды жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты.

Алматы қаласының Алатау ауданындағы екінші жылу электр стансасы – алып шаһардағы ең ірі жылу көзі. Жаңғырту жобасының басты мақсаты – энергетика кешенін табиғи газға көшіру арқылы қаланы жылумен және энергиямен тұрақты қамтамасыз етіп, ауаға тарайтын зиянды қалдықтарды азайту. Оның аясында жылу қуаты сағатына 952 Гкал-ға дейін, ал электр қуаты 600 МВт-қа дейін жететін заманауи газ стансасын іске қосу көзделген.

Жобаны жүзеге асыру барысында үш газ турбинасы мен генератор орнатылды. Жабдықтардың 99%-ы жеткізілген. Қосалқы инфрақұрылым мен жол құрылысы аяқталды. Негізгі нысандардағы құрылыс-монтаждау жұмыстарының жалпы дайындық деңгейі шамамен 55%. Қазіргі кезде бас корпус ғимараты мен су жылыту қазандықтарында, су және газ дайындау пункттерінде, сондай-ақ электр техникалық инфрақұрылым нысандарында жұмыс жалғасуда. Барлық жұмыс, соның ішінде негізгі жабдықтарды жеткізу бекітілген кестеге сәйкес жүруде. Жобаның аяқталуы 2026 жылдың соңына жоспарланған.

Сонымен қатар Премьер-министрдің бірінші орынбасары Алматы облысы Іле ауданының аумағында орналасқан үшінші жылу электр орталығын да аралап көрді. Стансада қайта жаңғырту жұмыстары аясында кемінде 450 МВт болатын бу-газ қондырғысы салынады және тозығы жеткен жабдықтар жаңартылады. Мердігері – қазақстандық компаниялар консорциумы.

Бүгінде қадалы іргетас алаңын орнату жұмыстары жүргізілуде, газ турбиналық қондырғының алғашқы жиынтығы іргетасқа орналастырылды, жабдықтардың бір бөлігі құрылыс алаңына монтаждалып қойылды. Жоба-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан өту сатысында. Қайта жаңғыртуды аяқтау 2027 жылға жоспарланған.

Нұрлыбек Нәлібаев Алматының дамуы, қала халқының өмір сапасын жақсарту мәселесі Мемлекет басшысының ерекше назарында екенін атап өтті. Энергетикалық нысандардың сенімді әрі тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін Үкімет тарапынан барлық қажетті шаралар қабылданған. Соған сәйкес жаңғырту жұмыстарын белгіленген кестеден кешіктірмей, дер кезінде аяқтауды тапсырды.

🔗Дереккөз: https://t.me/KZgovernment/23668

Want your business to be the top-listed Engineering Company in Nur-Sultan?
Click here to claim your Sponsored Listing.

Category

Telephone

Address


пр, Кабанбай-Батыра 15 А Блок Б БЦ "Q"
Nur-Sultan
010000