Altynsarin Institute

Altynsarin Institute

Share

10/09/2025

ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ» ГРАНТЫНА ӨТІНІМДЕР ҚАЙТА ҚАБЫЛДАНАДЫ

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жастардың бастамасын қолдау мақсатында 2021 жылдан бастап «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындады.
2025 жылдың 16 маусымы мен 18 тамызы аралығында өтінімдерді қабылдау [email protected] поштасы арқылы жүзеге асырылды. Нәтижесінде үміткерлерден 1 391 өтінім («Ғылым» -130, «Мәдениет»-131, «Ақпараттық технологиялар» -218, «Бизнес» - 644, «Медиа»- 145, «Волонтерлік» - 123) келіп түсті. Оның ішінде 186 адамның құжаттары тексеріліп, ұйымдастырушылар тарапынан қабылданды ( тізімді сілтеме бойынша көре аласыз https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/documents/details/856999?lang=kk)
Өтінімдердің көптігіне байланысты 5 қыркүйек күні таңғы сағат 5:00-ден бастап Gmail-дің өтінімдерді қабылдауға арналған электрондық пошта істен шығып, бұғатталды. 5 қыркүйектен бастап электрондық поштаны қалпына келтіру мақсатында IT мамандармен жұмыс жасалды, сондай-ақ Google компаниясының әкімшілігіне өтініштер жіберілді. Бірақ поштаны қалпына келтіру мүмкін болмады.
Жоғарыда аталған техникалық мәселелері ескере отырып, конкурстық өтінімдер 2025 жылдың 9-19 қыркүйек аралығында, түнгі сағат 24:00-ге дейін [email protected] электронды поштасы арқылы қабылданады.
Тізімде бар 186 адамның өтінімдері қайта жіберуді қажет етпейді.
Грант бөлудің мақсаты – белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жаңа идеялар мен бастамаларды мемлекет тарапынан қолдау.
2025 жылы республикалық деңгейде 3 млн. теңгеден 30 грант берілетін болады.
Грантқа 14 жастан бастап 35 жасқа дейінгі (34 жасты қоса алғанда) Қазақстан Республикасының азаматы үміткер бола алады.
Грант 6 бағыт бойынша жобаларды іске асыру үшін конкурстық негізде беріледі:
«Ғылым» – жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;
«Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;
«Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге арналған;
«Бизнес» – жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;
«Медиа» – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған;
«Волонтерлік» – өзекті, әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған волонтерлік жобаларды (бастамаларды) іске асыруға арналған.
Анықтама телефондары: 8 (7172) 74-12-78, 8 706-618-07-23 (жұмыс күндері, сағ. 9:00-ден 18:30-ға дейін).
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі (мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде):
1) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурстық өтінім (PDF форматы);
2) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның сипаттамасы (word форматы);
3) Жоба бойынша бейнематериал (60 секундтан аспайтын) немесе презентация
(10 слайдтан аспайтын);
4) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығындар сметасының жобасы
(word форматы);
5) Зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болса, PDF форматы);
6) Жеке куәлік немесе туу туралы куәліктің көшірмесі (PDF форматы).

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

05/09/2025

Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен университетіміз халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, білім беру сапасын арттыруды жалғастыруда.
Университетке шетелдік ғалымдар шақырылып, білім алмасу үдерісі төрт жыл қатарынан жүзеге асырылуда. Осы уақыт аралығында Түркия, Словакия, Индонезия, Болгария және Ресейден профессорлар келіп, бір ай бойы студенттерге дәріс берді.
Биыл Түркиядағы Nigde Omer Halisdemir University-ден екі профессор келді:
Erdinc Demiray - филолог, тіл маманы, ғалым;
Dugen Turgay - саясаттанушы,тарихшы,ғалым.
Олар қыркүйек айы бойына дәріс оқитын болады.
Қараша айында Түркияның беделді профессоры Хикмет Кораштың келуі жоспарлануда.

17/03/2025

СҮЙІНШІ!

Торғайдың ғылымы мен білімінің темірқазығына айналған жоғары оқу орны Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтына «университет» мәртебесі берілді.

Бәсекеге қабілетті білім шаңырағының еншісіндегі аталмыш жаңалық көпжылдық еңбегі бар профессор-оқытушылық құрам, студенттер мен ұжым үшін лайықты марапат үлкен олжа болды.

Жетістігі жемісті педагогикалық жоғары оқу орнының нарыққа мемлекет іргетасына мықты тіреу бола алатын маман даярлап келе жатқандығын алдыға тарта отырып, бұл мерейі үстем межемен баршаңызды құттықтаймыз!

Осы ретті ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекұлына зор алғысымызды білдіреміз!

Want your school to be the top-listed School/college in Arkalyk?
Click here to claim your Sponsored Listing.

Telephone

Address


Улица Ауельбекова 17
Arkalyk
110300

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00