Titanic Tours
30/11/2020
2021 жылғы қаңтар айындағы Европа елдеріне жоспарланған екі турымыз, өкінішке орай, виза жасау процессі Европа елдерінің консулдығы жұмысының карантинге байланысты жасамауына байланысты, бір орында тоқталып тұр. Егер, алдағы желтоқсан айларында дәл осылай болған жағдайда біз екі турымыздыда тоқтату туралы шешім қабылдау мәжбүр боламыз.
Дегенімен, бізбен сіздегі оптимизм ең басты қаруымыз болып табылады. Әлемдегі көптеген елдер, әсіресе виза алуды қажет етпейтін, ұзақ карантиннен кейін өздерінің шекараларын шет елдердің туристеріне ашу туралы шешімді біріннен соң бірі қабылдап жатқандықтан, алдағы уақытта Европа елдеріменде дәл сондай процесс орын алады деп үміттенеміз.
Европа елдерінің консулдығы ашылған күннен бастап бізде бірнеше арза, және бірнеше мемлекетті шарлауға болатын турлар жоспарлануда. Басқа мемлекеттерді, мысалы, латын америкасы, африка құрлығын алдағы турларға қосу тікелей Европа елдерінің ашылуына байланысты болып отыр. Себебі, біздің әуе маршруттарымыз осы елдер арқылы жүзеге асырылмақ және ауебилеті бағасының арзандауына тікелей әсер етеді.
Біздің айтарымыз, 2021 был саяхаттарға толы жылдардың бірі болсын. Себебі, саяхаттау деген:
- Адамның Рухани дүниесін арттыратын негізгі инструмент;
- Білім мен ғылымның, мәдениет пен өркениеттің дамыған елдерін көру, тәжірибе алмасу болашақта нақты шешім қабылдауға, әрекет жасауға сенімділік береді;
- Паспортыңыз бен үйіңізде әлемнің картасы немесе глобус болса, оларды жаңа мемлекеттермен толтыруға болады;
- Америка, Канада, Ұлыбритания, Япония және Австралия секілді елдердің кез-келген визасын емін-еркін алуға мүмкіндік береді;
- Шет елдерден көрген білгендеріңізді, пайда болған идеяларыңызды өзініздің еліңізде жүзеге асыруға мүмкіндік береді т.б.
Әйгілі Марк Твен айтпақшы “Өлім алтына екі ақ нәрсеге өкінеміз: - аз сүйгеніміз үшін және аз саяхаттағанымыз үшін”, өмірдегі көп нәрсе уақытша және байыбына салсаң өзі ақ шешіледі, ал, өткен қайтып айналып келмейді екен. Ал, Сіз қалай ойлайсыз?
Click here to claim your Sponsored Listing.
Category
Website
Address
Almaty