Salli&Style
23/07/2021
Мамандық таңдауда, қазір бұрынғы заманмен салыстыруға болмайды.
Бұрын бір мамандықты таңдайсың, бір жерде тапжылмай жұмыс жасайсың, сол жерден пенсияға шығасың. Онымен қоймай , бұл тыныш жұмыс деп бала шағаныда сол мамандықпен оқытасың. 🙅🏻♀️.
Ал, қазір ондай емес. Технология тез дамып жатыр, мамандықтарда жыл сайын ауысып отырады. Мысалы Асхат Шыналі деген жігіт 10 жыл бұғалтер болып жүріп, былтырдан бері мобилограф мамандығын таңдап, сол салада бірнеше онмиллиондаған теңгені бір айда тауып отыр. Қуаныш Шонбайдың бизнес школасына келгенде ондай мысалдардың көбін көрдім.
Қазір қай сала трентте тұр, сол саламен жұмысыңды жалғастырып кете бересің.
Мен 28 жыл тігін саласымен айналыстым.Ол менің көзімді жұмып тіге беретін салам.
Ал, жазу (копирайтерлік), СММ , Психология менің хоббиім. Бұл салалар маған ұнайды.
Демек менде ақша табуға мүмкіндік көп.
Сіздер қалай ойлайсыңдар? Мен осы айтқан салалардың қайсысын жақсы игере алады деп ойлайсыздар?
Жауаптарыңызды жаза кетіңіздер🙋🏼♀️🚀✍🏻
14/07/2021
ҚОЛЫМНАН КЕЛДІ!
ӘЛІ ДЕ КӨП НӘРСЕ ЖАСАЙ АЛАМЫН!!!
СЕБЕБІ, СЕБЕБІН ТҮСІНДІМ!😁💃🏻❤️
( 2 бөлім)
Түн ортасында тұрғызып маған дұрысталмайды деген, бүлінген киімді реставрация жасап берші десе, мен көзімді бір сипап көз алдарыңда ол болмайды деген киімге екінші өмір сыйлай алатын, бұдан кейінде тастамай киетін киімге айналдырып беретін едім.
⠀
Сол тігін арқылы елге танылдым.
Осы постымды оқып отырған сізде ,мені тігінші Салима ретінде танисыз.😊😘
Енді, не үшін мықты тігінші болғанымның себебін түсінген соң, басқа да шығалмай тұрған қасиеттерімді дамыту, ол қасиеттеріммен танылу, дамудың жолын түсіндім.
⠀
Менің іштей арманым көп. Соның бірі кітап жазу болатын.Сол үшін, армандап жүре бермей, аптасына қарапайым екі пост жазуды әдетке айналдыру арқылы, жыл соңында нәтижесін сіздер маған айтатын боласыздар.
⠀
Бизнесмен болу үшін тырысып армандап жүрмін, бірақ мен ол үшін күніге бір мезгіл қарапайым реклама жазуды, маркетингпен айналысуды білмедім. Оқыдым болды, ұғып аламын деп ойладым. Сөйтсем, мен күніге бес минут сол сала бойынша уақыт бөлуге тиіс екенмінғой. Сонда ол автомат жасауға апарады, әрі бес минутқа күнделікті бөлген, минуттар қосылып мен содан кейін күнімнің біраз бөлігін арнап, сол саланың маманы болып шығады екенмін.
⠀
Енді не тұрыс!!!
Кім болғың келеді? Қазірден бастап фокусты соған сал. Күнделікті азғантай уақыт бөліп, әдет қалыптастыр. Нәтижесі сені міндетті түрде қуантады.
Бұл туралы айтарым көп болып тұр, бірақ бұл кітап емесқой, посттың шектеуі бар.
Сіздерге постым пайдалы болса комментке реакция қалдырыңыз.
Өмір керемет!
Өмір сүру оңай!
Бәрі өз қолыңда!
14/07/2021
ҚОЛЫМНАН КЕЛДІ!
ӘЛІ ДЕ КӨП НӘРСЕ ЖАСАЙ АЛАМЫН!!!
СЕБЕБІ, СЕБЕБІН ТҮСІНДІМ!😁💃🏻❤️
(1бөлімі)
⠀
Джеймс Клирдің “Атом әдеттер”атты кітабын оқып отырып, біраз нәрсеге көзім ашылды.
Мен не үшін мықты тігінші болдым. Мен неге басқа қабілеттерім бола тұра, ол қабілеттерімді дамытпағандығым туралы түсіндім.
⠀
Джеймс Клир айтуы бойынша:
👆🏻Күніге бір доллардан салып отырсаң, бір жылда 365доллар жиналып тұрады. Сен күніге бір доллардан бөлек жинағанда, оның орны аса білінбейді. Бірақ нәтижесі қуантады.
👆🏻Күніге бір жақсы әдет қалыптастырып, соны күнделікті қайталап отырғанда, жыл соңында сенің жетістікке жеткеніңе басқаларда куә болады.
👆🏻Ал, егер күнде бір жаман әдетті қалыптастырып соны күнделікті жасап отырсаң, онда жыл соңында сорлы адам болғаныңды елдер саған айта бастайды. Мысалы: қарапайым үй жинауды алсаңызда болады. Күнде сосын істеймін деп кейінге қалдыра бергенде, жыл соңында салақ қатынға, немесе еркекке айналып, дипрессияға ұшырайсың. Себебі, ауасы тазармаған үйде не жетістік болар дейсің. Санаң да, миың да сондай.
⠀
🚀Армандай бергенді қойып, күнделікті қарапайым әдеттеріңді қалыптастыр және сол әдеттерді күнделікті қайталап отыр, нәтижесі сені қуантады.
⠀
🪡Мен неге мықты шебер бола алдым.
Мен жас кезімде арман қуалмадым. Мен тек күн көріспен күнделікті тігінмен айналыстым. Күнделікті қайталау арқылы, қолымның үйренгені сонша, қолдарым автомат жұмыс жасай беретін. Қиналу, қорқу мен үшін жат нәрсеге айналды. Клиент жанымда отырма, негативі шығып жатырма? Ол мені алаңдатпады. Қолым автомат өз жұмысын жасай берді. Ал, нәтижесі меніде, клиентімді де қуантып отырды. Мен солай күнделікті бір нәрсені қайталау арқылы, сол тігіннің Хас маманы болдым. Түн ортасында тұрғызып маған дұрысталмайды деген,
Жалғасы келесі посттан қараңыз...
05/07/2021
Менің тылсым дүнием.
4 бөлімі.
Өмірі ондай болып көрмегем. Есімді жия алсамғой. Шокпын. Мен ол кісінің мойнымды басып үлгермеді деп ойлап тұрмын. Ал, барлық процесс уже болып кетіпті. Сосын, тек күле берем, күле берем. Есім ауып кетпеді ма деп қоямын.
Үйге келіп жын шығаратын видиоларды көріп зерттедім. Менің бүгінгі басымнан өткен жағдай болмаса, мен ол видиоларды өтірікке шығарар едім.
Аптасына үш күн барып отырдым.
Күнде әр түрлі спектакл көрсетем.
Бір күні құлағыма ащы ақырған дауыс келеді, бірақ мен емес екенін саналы түрде біліп отырмын. Шыққан соң ол өзім екенін айтып жатты.
Бір күні аяғым дір дір етеді шыққан соң, баса алмаймын. Таудың басына шыққанда да аяқ солай дірілдейді шаршап. Қызыма айтамын. Бұрын жұмыстан келе жатқанда, қайнатамның үйіне, көшенің басына келгенде аяғым осылай дірілдейтін еді деп. Соны айтып отырып аяғыма қарасам аяғымның балтырында бес саусақтың ізі тұр. Төрт саусақ бір жағында, бір саусақтың ізі бір жағында. Екі аяғымның балтыры да сондай. Тағы шокпын. Егер жалғыз барсам аяғымды имам қысқан деп маған сенбес еді. Ол жерде бірнеше ондаған адамдар отыр, қызым қасымда. Имамның алдына барарда екі метр қалғанда миым айналып, аяғым жүрмей, артқа тартып тұрады. Бірде жүре алмай еңбектеп барамын, ағайдың алдына бармай қашып кеткім келеді.
Ол менің ішімдегілердің ісіғой.
Бір күні шыққан соң сандарымның көгергенін көремін.
Жындарғада жан керек. Шығарда жаны қиналып, кетіп жатыр екенғой деймін.
Бір күндері көз алдыма бейнелер келеді.
Тылсымның сырларын білмегенге бұл ертегі сияқты.
Мені де ешкім жынды демейді.
Ол жындар ішіңе кіріп алып сені басқара береді екенғой. Жанымның тыныштық таппай жүргенінің себебін білген қандай жақсы.
Себебін білмей қанша адамдар бұл дүниеден бақытсыз күйі, жан тыныштығын таппай өтіп кетті.
Қызым екі айға жуық қатынады да, ағам оған тазардың, енді көзіме көрінбе дегенде мен қуандым.
Ойландым, бізде бар нәрсе бәрімізде бар шығар деп, кіші қызымды апардым. Аллаға шүкір ол таза болып шықты.
Жалғасы бар...
Click here to claim your Sponsored Listing.
Category
Website
Address
Almaty