API Yandex Maps
12/12/2023
Тиімді бизнестің геотехнологиялары
Карта әзірлеп, геотехнологияларды дамытып келе жатқанымызға 19 жылдан асты. API кірістірілген сайттарға айына 300 миллионнан астам адам кіреді. Қызметтеріміздің арқасында пайдаланушылар жыл сайын 22 млрд-тан астам маршрут құрады.
Яндекс Карты API өнімдері бірге жұмыс істейді, икемді түрде бірігіп, түрлі аймақтар мен мақсаттарға бейімделеді.
Интерактивтік және статикалық карталар
Оларды сайтпен немесе қолданбамен біріктіруге, функционалы бойынша реттеуге, бренділеуге, қажетті нысандармен белгі қоюға және аумақты белгілеуге болады.
Геокодтау және іздеу
Координаттарды мекенжайға және одан кері аударуды реттеуге, мекенжайларды автоматты толтыруға және ұйымдарды түрлі параметр бойынша іздеуге болады.
Навигация және маршруттар
Маршруттарды жол жағдайын ескере отырып есептеуге және құруға, өз навигациялық шешімдерін жасап, логистиканы оңтайландыруға көмектесетін құралдар.
Геолокация
Көлік пен құрылғының орнын GPS пайдаланбай-ақ Wi-Fi, IP, ұялы желі мұнарасы бойынша анықтауға арналған API.
Яндекс Карты API шешімдері мен геодеректерін ірі маркетплейстер, сауда желілері, логистикалық компаниялар, банктер, агрегаторлар, телеком-операторлар, мемлекеттік компаниялар, көлікті жалға беру қызметтері және т.б. компаниялар пайдаланады.
Яндекс Карты API мүмкіндіктері туралы толық ақпаратты сайтымыздан біле аласыз.
https://yandex.kz/maps-api/
Click here to claim your Sponsored Listing.
Category
Website
Address
Almaty