Amanzhol Rysmendiyev International

Amanzhol Rysmendiyev International

Share

21/01/2023

Өтіп барды, бұл өмір зулап жатыр,
Бәрін жеңер уақыт тұрған батыр.
Кешегі жасыл жапырақ бәйтеректің,
Бірі шіріп, біразы қурап жатыр.
Бәріне үлгерсем деп, үміті ұлып,
Толқындайын жүрегім тулап жатыр!

Өтіп барады уақыт, тоқтамайды.
Шарқ ұрып шарласам да көп маңайды.
Күнім сағат, сағатым минут сынды,
Бұл асауды кім келіп ноқталайды?
Бұлақ көл боп, теңіздер тартылғанмен,
Уақыт құрғыр бәрі бір тоқтамайды!
Сен өлесің, мен өлем, анау да өлер,
Ешкім бізді мәңгілік жоқтамайды,

Алсам деп алыстағы тұрған айды,
Құрғыр құлқын сәттерді құндамайды,
Оятып көкіректі, көзді ашпай,
Намысты боп нәпсіміз тыңдамайды!
Біреумен жарысам деп, озамын деп,
Есіріп эгомыз кеп мұндалайды.
Осылай біз күндерді бос өткіздік,
Біз ұрлаттық, ешкім кеп ұрламайды!
Біреу үшін миллиондар жиналғанмен,
Өлеріңде оларда құн болмайды!

Боса да, аса мықты ақың дара,
Дүниелік тұлпарды дос тақымдама.
Өзін ұмытып, өзгемен жарысатын,
Жандарға жанып тұрған жақындама!
Анау асыл, анау жан мықты десең,
Мін болады ұмытпа асылда да!
Әр минуттан, әр сәттен әрсер алғын,
Есте қалар бақытты сәтің ғана!!!

Дубай. 20 қаңтар. Сағат: 00:29
А.Рысмендиев

19/01/2023

Өмірді үлкен фильм дейміз…

Әр кім өз өмірінің режиссоры,сценарии болса, айналасындағы адамдар оның жалдамалы актері сияқты емес пе?
Фильм түсіріп жатқан адам, қандай да бір актер өз рөлін дұрыс ойнай алмай жатса не істейді?

Әрине, оны өз рөлін жақсы алып шыға алатын басқа актермен ауыстырады.

Өйткені, нашар актермен фильмнің шедевр болуы мүмкін емес!

Сіздің өмірде де тура солай! Өз мінедетін сезінбейтін яғни рөлін дұрыс сомдай алмайтындарды қасыңызға жинап алып тамаша өмір сүрем деп армандамай ақ қойыңыз?

Не, істеу керек?

1. Өмірлік сценарийдің сапасын жақсартыңыз! Қайта жазыңыз, пысықтаңыз!
2. Нашар актерлерден тез арада құтылыңыз!
Ұзын сөздің қысқасы, жақсылармен бірге жүрсең ғана жетесің мұратқа!!!

📌Сіз не ойлайсыз?

Want your business to be the top-listed Business in Almaty?
Click here to claim your Sponsored Listing.

Telephone

Address


Almaty
050000