NURORDA ALMATY

NURORDA ALMATY

Share

Photos from NURORDA ALMATY's post 22/06/2026

NURORDA ALMATY оқушылары Лондонда өткен Owlypia Global Round London 2026 халықаралық олимпиадасына қатысып, жоғары нәтиже көрсетті.

Биылғы олимпиаданың негізгі тақырыбы — Self-Awareness (өзін-өзі тану). Қатысушылар өзін-өзі дамыту, жеке тұлғалық өсу және заманауи қоғамдағы адамның рөлі тақырыптарын әртүрлі академиялық бағыттар аясында зерттеді.

Оқушыларымыз Economy & Business және Science & Technology бағыттары бойынша білімдерін сәтті дәлелдеп, жүлделі орындарға ие болды:

✦ Қасым Шуртабаев — алтын медаль

✦ Мадина Жанарыс — күміс медаль
✦ Дария Мұсылманбек — күміс медаль

✦ Амира Енсебаева — қола медаль
✦ Әлихан Рахымғазин — қола медаль
✦ Асылан Әбілбекұлы — қола медаль

Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!

Олардың табандылығы, білімге деген құштарлығы және халықаралық деңгейдегі жетістіктері — мектебіміз үшін зор мақтаныш.

Photos from NURORDA ALMATY's post 20/06/2026

30-шы Балқан жасөспірімдер математикалық олимпиадасы (JBMO 2026) 2026 жылғы 15–20 маусым аралығында Румынияның Бузэу қаласында өтті. Дәстүрлі халықаралық білім додасына Еуропа мен Азияның 22 елінен ең үздік жас математиктер қатысып, өзара бақ сынасты.

Біз зор мақтанышпен мектебіміздің оқушысы Омар Айсұлтанның осы беделді олимпиадада алтын медаль жеңіп алып, абсолютті чемпион атанғанын қуана хабарлаймыз. Бұл – оның терең білімі, қажырлы еңбегі мен жоғары зияткерлік әлеуетінің жарқын көрінісі.

Омар Айсұлтанды, оның ата-анасын және жетекшісін осы тарихи жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы халықаралық білім белестерінде де толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!

Want your school to be the top-listed School/college in Almaty?
Click here to claim your Sponsored Listing.

Category

Address


Чуланова, 133
Almaty