Zere insta

Zere insta

Share

Photos from Zere insta's post 02/08/2023

Ол келін әлі көтермеді...💔😔

Қайран, қыз ғұмыр-ай! Кеше ғана бір үйдің үкілеп өсірген аруы ақ келін атанады. "Жолың да жаулығыңдай ақ болсын, қалқам!" - деп, өз жұрты қызын қияға ұшырады🕊️

Той. Жаңа өмір. Жаңа жұртың. Міндеттерің. Бәрі таңсық. Бәрі басқаша. Осы тұста кейбір қыздың бағы жанып, кейбір қыз таңдауы үшін өкініп жатады💔 Бірі тез, бірі кеш, бірі мүлдем сіңісе алмай кетіп жатады...

Үйленген соң бәрі сенен келесі этапты, келесі кезекті проектіңді күтеді. Ол-бала. Ата-ана немересін, ел-жұрт сол кісілердің немересін күтумен әуре...

Әрине, тұрмыс құрған жастар ата-ана болуға өздерін дайындап неке қиғандары жақсы❤️ Мәселен біз басында "год для себя" - деп асылық айттық па деп қалам... Қыз барған жерін "бай қылам, жағдайын жасайм"-деп емес, барған жерін "бақытты қылам, бақытты болам"-деп барғаны жөн екен🥹🤲🏻 Солай, Алла біздің ниетке 1,5 жылдан соң осы бақытты бұйыртты. Шүкір. Тәубе.

Бірақ, бүгінгі постта бір маңызды мәселені шолып өткім келеді. Видеодан соң көп комент жазылды, көп қыз жекеме жазды. 1 жылдан асып, балалы бола алмай жүрген қыздар біршама екен🥺💔

Сол аяулы аруларды қолдағым келеді. Ене, қайын жұрт, түк қатысы жоқ ел, көрші-қолаң, көре алмайтын құрбылар, сіздерге айтарым: "Қашанғы жүресің?", "Мына келіннің туатын ойы бар ма?", "Әлі көтермедің ба?"-деп, өзі онсыз да іштей оймен алысып жүрген, жаңа жұртына жағам деп жүрген жас келіннің обалына қалмаңыз! Жеке шекарасын құрметтеңіз! Сіз сынайтын, баға беретін, шешетін Алла емессіз. Беруші де, алушы да Алла. Қатты жаныңыз ашыса дұға етіп қойыңыз❤️Сіз де қыз өсіріп отырсыз. Әр сөзге абай болайық!

Бәрі өз уақытымен🤲🏻❤️

Сізге таныс жағдай ма? Қанша уақытта көтердіңіз👇🏻🥰

Photos from Zere insta's post 01/12/2022

Мен махаббат жайлы білем деп жүрсем❤️‍🩹

3 ай… Стамбул мен Шымкент. Біздің махаббат сыналған бекет💔

Мен… қатты…сағындым… Дәл бұлай адамды сағынып көрмеппін. Құшағын, иісін, қолдарын, сөздерін, көздерін…бәрін…

Мен жанды қаншалықты сүйетінімді түсіндім… Бұған дейін ешкімді мұншалық сүйіп те көрмеппін. Тағы басқа өмір сыйласа мен ойланбастан сізді сүюді таңдар ем🫀

Білесіз бе, көзімнің мөлдір жасын жасыра алмай, келгелі жанның құшағында жылап қала берем🥺❤️ Оның көздері де, сөздері де, сенімі де, сезімі де бұрынғыдан мықтырақ…

Мен жанға “Сізді сүйем!”- деген сайын “Сен менен қатты сүйе алмайсың, ботам!”-дей береді. “Сен мен сияқты сүюдің, сағынудың не екенін елестете де алмайсың!”-дейді😭💔 Қайтадан еріксіз жас келеді…

3 ай бойы бір-бірімізді жүрегімізден де, тілегімізден де, ойымыз бен дұғамыздан да шығара алмағанымыз үшін шүкір🤲🏻 Бұл не деген құдірет екенін білмеймін… Бірақ жүрегім жүрегіне байлаулы екенін, онсыз жарым екенімді әбден түсіндім…

Маған елдер махаббатқа, еркектерге сенбе деп көп айтатын. Сенім жоқ жерде сезім де жоқ деп, мен әркез өзіңізге сенетінмін🥹❤️ Және сенгенім үшін еш өкінген емеспін!

3 ай да, шақырым да бұза алмаған махаббатыңыз үшін рақмет, жан❤️Теңіз асып кетсем де сол баяғы Зерешке ессіз ғашық Мадияр боп, еш өзгермеген қалпыңыз үшін рақмет, жан😇

Сіз маған шынайы сүюді, сағынуды, мәңгі адал болуды үйреттіңіз. Сүріншектеу келетін жастық шағымның сүрлеуінде сізге жолыққаным үшін бақыттымын❤️🤲🏻

Сен керексің, сен керексің - бірінші!
Маған тартқан қыздар керек - екінші!
Сізге тартқан ұлдар керек - үшінші🥹🤲🏻

Ал сен ше, Досым?
Дәл осылай сүйіп көрдің бе?

Сағынғандардан комент🥹❤️⬇️

Want your business to be the top-listed Business in Almaty?
Click here to claim your Sponsored Listing.

Category

Address


Almaty
123456