Shans Almaty

Shans Almaty

Share

14/08/2025

«Си Цзиньпин партия тарихын баяндайды» кітабы туралы қысқаша түсінік:
ҚКП Орталық комитетінің Бас хатшысы Си Цзиньпин – жақсы оратор. Оның әр баяндамасы мәнді, үлгілі. Ол жиі Қытай тарихы, халқы,билік басындағылардың кәсіби этикасы мен адамгершілік борышы, халық дәстүрін сақтаудың маңыздылығы туралы баяндайды.
Кітапта үзінділері ұсынылған баяндамаларын Си Цзиньпин Қытайдың ішінде де, шетелде де оқыды. Кітаптағы мәтінге ҚКП Орталық комитетінің «Жэньминь жибао» ресми газетінің редакторлары қосымша түсіндірме береді.
Кітап жалпы оқырман қауымға арналған.

16/01/2025

«Жаназа» танымал қытай авторларының бірі Хо Даның қаламына тән роман.

Романда дүнген ұлтты нефрит бұйым жасайтын хас шебер Хань Цзыци өміріндегі
бел-белестер, ойлы-қырлы тағдыры тамаша суреттеледі.
Тарихи оқиғалар аясында кейіпкерлердің тағдыры қалай өзгеріп отырды? Басты кейіп-
керлер мақсат-мұратқа жету жолындағы сан қилы азаптарды қалай еңсереді?
Адам өмірінің
аяғына дейін өз ұстанымы мен кәсібіне деген махаббатын сақтап қала алама?
Осы сұрақтарға кітап беттерінен жауап табуға болады.

“Шығыс әдебиеті”баспа компаниясы

Онлайн тапсырыс беруге болады!

11/12/2024

«Қытай коммунистік партиясының тарихы бойынша он екі дәріс» кітабы ҚКП Партия мектебі директорының орынбасары Се Чуньтаоның Орталық партия мектебінің сегіз профессорымен бірлесіп жазған танымал еңбегі.
Кітапқа дәрістердің стенографиялық тәсілмен сөзбе-сөз жазылған жинағы қамтылған. Онда Қытай коммунистік партиясының қытай ұлтына өркендеуге, қуатты да бақуатты ел болуға ықпал еткен тарихи жетістіктері баяндалады. Еңбекте Қытай коммунистік партиясының ел басқарудағы табысты тәжірибесі жалпыланып, коммунистік партияның осы бағыттағы жұмыс тәсіліне егжей-тегжей түсінік береді.
Кітап жалпы оқырман қауымға арналған.
“Шығыс әдебиеті” баспа компаниясы
✅онлайн тапсырыс беруге болады

Photos from Shans Almaty's post 11/01/2024

“Қытай тарихындағы ғылыми өнертабыстар”

Қытай адамзат өркениетінің аса маңызды тапқырлықтарының, соның ішінде ежелгі Қытайдың төрт өнертабысы: қағаз, оқ-дәрі, тұсбағдар және кітап баспасының (ксилография және терілетін шрифтердің) отаны саналады.

Қытайлықтар тағы механика, гидравлика, уақыт өлшеу қосымшасындағы математика, металлургия, астрономия, ауыл шаруашылығы, механизмдерді құрастыру, музыка теориясы, өнер, теңізде жүзу және соғыс жүргізу тәсілдері саласында бірегей технологияларды ойлап тапқан.

Қытай мәдениенің әлем мәдениетіне қосқан үлесі орасан. Мысалы, мың жылдар бұрын қағаз бен жазуға қажетті сияны ойлап тапқан. Шамамен сол дәуірде Қытайда жазу-сызу да қалыптасады. Елдегі қарқынды даму дәл сол жазу-сызудың пайда болуымен басталады.

Алайда Қытай мәдениеті қандай болмасын, бүгінде ол басқа да ұлы мәдениеттер сияқты бүкіләлемдік мәдениеттің игілігі саналады.
Кітапта авторлар Қытайдың бай тарихы жайлы баяндай отырып, осындай мәдени игіліктері, таңғажайып өнертабыстары жайлы мәліметпен бөліседі.

Кітап жалпы оқырман қауымына арналған.

“Шығыс әдебиеті” баспа компаниясы

Photos from Shans Almaty's post 27/04/2023

«Әсем көріністі өлке»
Автор: Ван Мэн. 2-том.

«Әсем көріністі өлке» – Ван Мэннің 1960-1970 жылдары Шыңжаңдағы ауылдық жерге жіберіліп, жұмыс істеген кезінде жазған романы.
Романда ауыл адамдарының тұрмысын суреттеудің шеберіне айналған жазушы оларды әр түрлі образдарда бейнелей отырып, адамдардың өзара қарым-қатынасын, қарама-қайшылыққа толы мінездерін шиеленісті оқиғалар арқылы ширатып отырады.

Романда қытай мен ұйғыр халқының ерекше тарихи кезеңдегі өмірі, сонымен қатар екі ұлт халқының өзара ынтымақты бірлік жағдайындағы тыныс-тіршілігі шынайы көрініс тапқан.

Романның сюжеті қат-қабат тартысты қайшылықтар мен шиеленістерге толы.

Оқиға желісі оқырманды қызықтырып отырады, кейіпкер образдары автор қолтаңбасына лайықты сөз сиқырын, сөз өнерінің мәйегін ашып, жергілікті тіл ерекшелігіне тән әзіл-оспақ, әжуа, мысқыл арқылы қайталанбас көркемдік сипатқа ие болған.

Шығыс әдебиеті баспасы

Want your practice to be the top-listed Clinic in Almaty?
Click here to claim your Sponsored Listing.

Telephone

Website

Address


Abay Str. 34/96, Masanchy
Almaty