Ranking.kz
Биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша кері РЕПО операцияларын ескергенде, ҚР банктерінің несие портфелі 43,4 трлн теңгені құрады. Бұл жыл басымен салыстырғанда 0,1%-ға (немесе 61,2 млрд теңгеге) аз. Естеріңізге салсақ, бүгінде Қазақстанның банк секторында 23 екінші деңгейдегі банк жұмыс істейді, оның 15-і — шетелдік қатысуы бар банктер, соның ішінде 10-ы — еншілес банктер.
Алдымен бірінші тоқсанда ҚР банктерінің (шетелдік қатысуы бар банктерді қоса алғанда) көрсеткіштерінің қалай өзгергеніне назар аударайық.
Бұл санаттағы ең жоғары өсімді елімізде ірі кредитор банктердің ондығына кіретін Alatau City Bank көрсетті: көрсеткіш 9,5%-ға артып, 1,3 трлн теңгеге жетті.
Келесі орынға Home Credit Bank жайғасты: плюс 5,7%, 1 трлн теңгеге дейін.
Ал үздік үштікті банк секторындағы жаңа ойыншы, бірақ Қазақстан нарығында бұрыннан бар ұйым түйіндеді. Әңгіме былтыр жазда елдегі ірі МҚҰ негізінде қайта құрылған жаңа екінші деңгейдегі банк — KMF Bank туралы. KMF Банктің несие портфелі бір тоқсанда 4%-ға (ал соңғы бір айда 2,2%-ға) өсіп, 345,6 млрд теңгеге жетті. Ал несие портфелінің көлемі бойынша банк Қазақстандағы 23 ЕДБ арасында 14-орында тұр — бұл айтарлықтай нәтиже. Банк ҚР АӨК-ны белсенді қолдап қана қоймай, топтық қарыз беру бағытында да жұмыс істейді және әйелдер кәсіпкерлігін қаржыландыруға айрықша мән береді.
Енді шетелдік еншілес банктерге тоқталайық. Бұл санаттағы ЕДБ арасында бірінші тоқсанда ең жоғары өсімді катарлық Lesha Bank-тің еншілес банкі — Bereke Bank көрсетті: көрсеткіш 5,6%-ға артып, 1,6 трлн теңгеге жетті.
Одан кейінгі орынға Корей елінің Шинхан Банкі орналасты: плюс 2,4%, 126 млрд теңгеге дейін. Үздік үштікті Қытай елі банкінің еншілес банкі — Altyn Bank түйіндеді: плюс 2,4%, 828,7 млрд теңгеге дейін.
Click here to claim your Sponsored Listing.
Category
Contact the business
Telephone
Website
Address
Улица Айманова, 140, блок "Б 6"
Almaty
050057
Opening Hours
| Monday | 09:00 - 18:00 |
| Tuesday | 09:00 - 18:00 |
| Wednesday | 09:00 - 18:00 |
| Thursday | 09:00 - 18:00 |
| Friday | 09:00 - 18:00 |