JooKz
28/05/2021
Дұрыс таңдалған мамандық ішкі потенциалыңды ашып, ертеңгі күнге деген сенімсіздіктен құтылуға жол ашады.
Сонымен мамандықты қалай таңдаған дұрыс?
1. Ең алдымен еңбек нарығындағы сұранысты бақыла. Жыл сайын еңбек нарығы жаңарып, жаңа мамандықтар пайда болып отырады. Сондықтан алдын-ала сол мамандықтармен танысып, немен айналысатынын қарап, өзіңнің қызығушылықтарыңа сәйкес келе ме, келмей ме, соны ойлан.
2. Ата-анаң немесе достарың үшін табысты, беделді болып көрінетін мамандық сен үшін де солай көрінуі шарт емес. Мамандықтың барлығы бірдей, бәрі де қоғамға қандай да бір пайда әкеледі. Сол себепті мамандық таңдағанда өзгелердің көзқарасымен емес, өзіңнің көзқарасыңмен таңдауға тырыс 🙂
3. Мамандықтың тек сыртқы бейнесіне ғана қызықпа. Өзің білетін актер, актриса секілді мамандықтар танымал, табысты болып көрінгенімен, бұл мамандықтардың артында ауыр еңбек пен қайтпас табандылық тұр.
4. Бір ғана мамандыққа тіреліп қалма. Мысалы ағылшын тілін таңдап, оқуға түскің келсе, тіл білімін қажет ететін тек аудармашы мамандығы ғана емес, экскурсовод, ұлтаралық байланыстар телефонисті, лингвист секілді мамандықтарды да таңдауыңа болады 😉
5. Кейбір мамандықтар өзіңе ұнағанымен, денсаулығыңа зиянын тигізуі мүмкін. Сол үшін мамандық таңдағанда асықпай қарап, денсаулық жағдайыңды да ескергенің жөн.
YouTube каналымызда арнайы саған түсірген "ҰБТ-дан кейінгі 4 таңдаудан қателеспе" атты видеомыз бар.
Сол жақта мамандықтар туралы да біраз ақпарат бердік. Видеоны қара. Сілтеме профильде ✅
Click here to claim your Sponsored Listing.
Category
Website
Address
Almaty