salem.ubt
31/07/2020
Қазақтың бағына бұйырған дүбірлі діни мерекеміз қасиетті Құрбан айт мүбәрак болсын! Құтты болғай! Ел аман, жұрт тыныш болсын! Қасиетті айттан айтқа аман-есен жете берейік!
Пенденің пендешілігі мен мәрттігі, сараңдығы мен жомарттығы сыналатын бұл мейрамда атқарған әрбір ізгі амал-әрекеттеріңізге сауаптан жазғай!🌙
Ізгі тілекпен Беймо ұжымы!
#жастүлек2021 #мотивация #марафон #ұбт2020 #развитие #даму #білім #знания #ұбт #ент2020 #нурсултан #алматы #караганды #шымкент #актобе #актау #атырау #орал #семей #тараз #костанай #туркистан #развитие #книги #онлайнкниги
16/07/2020
ҰЙҚЫ ГИГИЕНАСЫ🥱
Ұйқы механизмін, оның физиологиялық мәнін тұңғыш рет академик И. П. Павлов ашып берді. Ол ұйқы – мидың барлық орталықтарын қамтитын кең тараған тежеу екенін анықтады. Ұйықтаған кезде бұлшық еттер босаңсиды, тыныс алу сиреп, жүрек соғуы бәсеңдейді, дене температурасы, қан қысымы, зат алмасу төмендейді, қысқасы организмнің бүкіл қызметін реттейтін нерв орталықтарының белсенділігі құлдырайды. Адамның сергек кезінде нерв клеткалары үздіксіз істейді, мұның өзінде олардың химиялық құрамы елеулі түрде өзгереді, энергетикалық қорлар сарқылады. Біздің организміміздің ұлы сақшысы, тыным беріп, күш-қуатымызды қалпына келтірушісі – ұйқы болмаса, жүйке клеткалары тез құрып, қатардан шығар еді.
Жас және дендері сау адамдар ауырып-сырқағанда немесе қатты күйзелген, мазасызданған, қажыған күндері болмаса, басқа уақытта ұйқы қашу дегеннің не екенін біле қояр ма екен. Алайда жас ұлғая көптеген әйелдер мен еркектер ұйқыдан айырыла бастайды. Бірақ қаншама таңқаларлық көрінсе де, мұндай әуреге көбіне дені сау, пәлеңдей сырқаты жоқ адамдар да тап болады. Оның басты себебі... адамдардың дұрыс ұйықтай білмеуінде.
Терең, алаңсыз ұйқының негізі – нерв жүйесінің сабырлы күйде болуында, оны шаршау мен тынығудың дұрыс кезектесуі, басқаша айтқанда, тұрмыстың дұрыс режимі қамтамасыз етеді. Ұйықтауға үнемі белгіленген бір уақытта жатуға дағдылану – ұйқының берік болуының сенімді құралы. Сағат 10-да жатасыз ба, жоқ болмаса 11-де жатасыз ба, мұның пәлендей маңызы жоқ. Ең бастысы бұл мерзімнің тұрақты болуында, ағза алдын ала тынығуға «икемделеді», сондықтан қандай жағдайда да, тіпті жанұя мүшелерінің бәрі бір мезгілде жатпаса да, кейбіреулерінің істейтін шаруасы болса да, сіз ұйықтай бересіз.
Ұйқы бұзылуының алғашқы белгісі – ерте ояну, ешбір себепсіз, таңертеңгі сағат 4 – 5-те оянып, көпке дейін ұйықтамай жатасыз. Әрине, бұған қатты уайымдасаңыз, немесе одан да бекер берекеңізді кетіретін өмірлік мәселелерді ой елегінен өткізсеңіз, бірдеңе оқысаңыз немесе бөлмеде арлы-берлі жүріп алыңыз, таң атпай ояну дағдыға айналып, соған машықтанып кетесіз. Бұл дағдыдан ертерек құтылуға тырысыңыз. Оянысымен жамылғыны ашып, денеңіз аздап салқындай бастаса – бұл көбінесе қайта ұйықт
12/07/2020
Әр нәрсеге асық болғанша,
Бір нәрсеге машық бол.
Әр нәрсенің басын шалып түк бітірмегеннен, бір нәрсені үйреніп алған әлдеқайда тиімді😉
#жастүлек2020 #мотивация #марафон #ұбт2020 #развитие #даму #білім #знание #ұбт #ент2020 #нурсултан #алматы #караганды #шымкент #актобе #актау #атырау #орал #семей #тараз #костанай #туркистан #развитие #книги #онлайнкниги
Click here to claim your Sponsored Listing.
Category
Contact the school
Telephone
Website
Address
Almaty