Civil Center Almaty

Civil Center Almaty

Share

Регистрация для участия в «11-й годовщине Саммита мира HWPL» в г. Алматы, Казахстан 16/10/2025

Шын жүректен Сіздерді HWPL Бейбітшілік Саммитінің 11 жылдығына арналған іс-шараға қатысуға шақырамыз! 🌍🕊
‼️ Тіркелу: https://forms.gle/fRKrFejUg1r66i9f6

⏰ Күні: 2025 жылғы 18 қазан (сенбі), сағат 13:00–15:00 (Қазақстан уақыты)
🌟 Өтетін орны: офлайн – Almaty Residence бизнес орталығы
(Қазақстан, Алматы қ., Әуезов көшесі 60, 6-қабат, 17В кеңсе)
онлайн – ZOOM (басқа қалалардағы қатысушылар үшін)
🌟 Ұйымдастырушы: БҰҰ-ның Жаһандық коммуникациялар департаменті мен ЭКОСОС-ында тіркелген халықаралық бейбітшілік ұйымы HWPL
🌟 Конференция бағдарламасы:
– Негізгі баяндамалар
– Қазақстанда және әлем бойынша «HWPL бейбітшілік білімі» жобасын жүзеге асыру тәжірибесі мен жоспарларын таныстыру
– Бейбітшілік пен соғысты тоқтату декларациясы (DPCW) бастамасымен таныстыру
– Шай ішу және қатысушылардың еркін әңгімелесуі
🌟 Қатысу тегін
___________________________________
От всей души приглашаем Вас принять участие в мероприятии «11-я годовщина Саммита мира HWPL» в Алматы, Казахстан! 🌍🕊
‼️ Регистрация: https://forms.gle/fRKrFejUg1r66i9f6
⏰ Дата: 18 октября (Сб) 2025 г., 13:00 – 15:00 (время Казахстана)
🌟 Место: офлайн - Бизнес центр Almaty Residence
(Казахстан, Алматы, ул. Ауэзова 60, 6 этаж, офис 17В)
онлайн - ZOOM (для участников из других городов)
🌟Организатор: международная организация за мир HWPL, зарегистрированная при Департаменте глобальных коммуникаций и ЭКОСОС ООН
🌟 Программа конференции:
– Ключевые выступления
– Представление опыта и планов реализации проекта «Образование мира HWPL» в Казахстане и по всему миру
– Представление инициативы Декларации о мире и прекращении войн (DPCW)
– Чаепитие и свободное общение гостей мероприятия
🌟 Участие бесплатное.

Регистрация для участия в «11-й годовщине Саммита мира HWPL» в г. Алматы, Казахстан Благодарим Вас за интерес к предстоящей конференции. Чтобы подтвердить свое участие, пожалуйста, заполните форму ниже. Название мероприятия: 11-я годовщина Саммита ...

Photos from Civil Center Almaty's post 13/10/2025

Қазақстандағы XII Азаматтық форумға қатысудың 5 себебі:

1. Мемлекет пен қоғам арасындағы ашық диалог алаңы.
Форум билік, азаматтық сектор, бизнес, халықаралық ұйымдар өкілдері мен сарапшылардың басын қосады. Қатысушылар экология, цифрландыру, үкіметтік емес ұйымдар туралы заңнама және жастарды тарту сияқты ел дамуының өзекті мәселелерін тікелей талқылай алады.

2. Нақты нәтижелер мен практикалық шешімдер.
Әр сессия тек пікір алмасу емес, нақты шешімдер мен бастамаларды ұсынуға бағытталған. Форум қорытындылары мемлекеттік саясатты жетілдіруге ықпал ететін құжаттарға енеді.

3. Жаңа білім мен үздік тәжірибелер.
Қатысушылар тұрақты даму, медиация, экологиялық жобалар, адами капитал және цифрлық басқару бағыттарындағы халықаралық және қазақстандық сәтті жүзеге асырылған тәжірибелермен танысады. Бұл — жаңа идеялар мен құралдарды өз жұмысына енгізудің тамаша мүмкіндігі.

4. Ынтымақтастық пен серіктестік алаңы.
Форум ҮЕҰ, мемлекеттік құрылымдар, бизнес пен сарапшылар арасында жаңа байланыстар орнатуға жол ашады. Мұнда бірлескен жобалар, серіктестік желілер мен пайдалы коллаборациялар пайда болады.

5. Өзіңді естірту және ел болашағына үлес қосу мүмкіндігі.
Форум талқылаулар мен пікірталастар арқылы әр қатысушыға өз ойын ашық айтуға, идея ұсынуға және «Әділетті Қазақстанды» қалыптастыру ісінің белсенді бөлігі болуға мүмкіндік береді. Бұл — бастамадан нақты нәтижеге апарар бірегей алаң болмақ.

#ҚазақстанныңАзаматтықФорумы #ГражданскийФорумКазахстана

13/10/2025

15 қазан күні Астана қаласында Қазақстандағы XII Азаматтық форумы аясында Республикалық қайырымдылық форумы өтеді. Форум алаңында еліміздегі қайырымдылық мәдениетінің дамуы мен ашықтығы, сондай-ақ цифрландыру дәуіріндегі қайырымдылықтың жаңа стандарттары талқыланады.

Қазақстанда қайырымдылықтың тамыры тереңде жатыр. Асар мен садақа беру, жетім-жесірге көмек көрсету сияқты игі істер ғасырлар бойы ұлттың рухани құндылығына айналды. Бүгінгі күні елімізде 1300-ден астам қайырымдылық ұйымы жұмыс істейді, ал қазақстандықтардың төрттен бірі түрлі қайырымдылық бастамаларға қатысады.

Форум үкіметтік емес ұйымдар, бизнес, мемлекеттік органдар мен сарапшыларды біріктіре отырып, тәжірибе алмасуға, жаңа құралдар мен тәсілдерді талқылауға мүмкіндік береді. Бұл тұстағы негізгі мақсат – қайырымдылық саласына SMART-тәсілдерді енгізу, ашықтық пен сенім мәдениетін нығайту болып отыр.

Форумда ашықтық, цифрлық шешімдер және қоғам, бизнес пен қайырымдылық ұйымдары арасындағы сенім тетіктері мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Іс-шара қорытындысы бойынша сәтті жүзеге асырылған жобалар мен үздік тәжірибелер ұсынылып, заманауи қайырымдылық мәдениетін дамытудың нақты ұсыныстары әзірленеді.

#ҚазақстанныңАзаматтықФорумы #ГражданскийФорумКазахстана

__________________________________________

15 октября в Астане на одной из площадок XII Гражданского форума Казахстана состоится Республиканский форум благотворительности. На нем будут обсуждены актуальные вопросы по двум основным темам: развитие культуры благотворительности в Казахстане и открытость, а также новые стандарты благотворительности в условиях цифровой трансформации

Благотворительность в Казахстане имеет глубокие культурные и исторические корни. Традиции взаимопомощи - асар, садака, поддержка сирот и вдов стали основой современной культуры добрых дел. Сегодня в стране функционирует более 1300 благотворительных организаций, а свыше 27% граждан участвуют в благотворительных инициативах.

Форум благотворительности объединит представителей НПО, бизнеса, государственных органов и экспертов для обмена опытом, обсуждения новых инструментов и выработки рекомендаций по внедрению SMART-подхода в благотворительной деятельности.

Особое внимание будет уделено вопросам открытости, цифровым решениям и механизмам доверия между обществом, бизнесом и благотворительными организациями. По итогам форума будут представлены успешные кейсы, собраны лучшие практики и сформулированы предложения по развитию современной культуры благотворительности в Казахстане.

09/10/2025

Общественный Фонд «Информационно-ресурсный центр» представляет вашему вниманию видеоролик, направленный на формирование антикоррупционного мировоззрения и «нулевую» терпимость к коррупционных правонарушениям.

Работа создана в рамках реализации проекта государственного социального заказа Управления общественного развития г.Алматы «Будущее против коррупции!». Проект призван повысить гражданскую ответственность, сформировать нетерпимость к проявлениям коррупции и вовлечь население в продвижение принципов прозрачности, справедливости и честности.

07/10/2025

🎉 Бізге – 20 жыл!

«Ақпараттық-ресурстық орталық» қоғамдық қоры қоғамға, білімге және дамуға қызмет еткеніне 20 жыл толуын атап өтуде.

Екі онжылдық бойы біз айналаны жақсы етуге ұмтылғандардың жанында болдық:
📚 білім беру бастамаларын іске қостық
🤝 ҮЕҰ мен азаматтық белсенділерді қолдадық
🌱 өсуге, тәжірибе алмасуға және шабытқа арналған алаң құрдық

Әрбір жобаға, әрбір кездесуге, біз қатысқан әрбір оқиғаға мақтанамыз.

💙 Осы жылдары бізге сенген, қолдаған, бірге еңбек еткен баршаңызға алғысымыз шексіз.

Сіздер – бізге алға ұмтылуға күш, мән мен жігер бересіздер.

Біз жалғастырамыз. Көкжиектерді кеңейтеміз. Күшті, саналы және құзыретті азаматтық қоғамды дамытуға үлес қосамыз.

Бізде айтарымыз бар. Бізде бөлісеріміз бар. Бізде еңбек етуге себеп бар.

Белсенділігіңізге, репосттарыңызға, пікірлеріңізге және лайктарыңызға рақмет👍

#20жыл #АқпараттықРесурстықОрталық #ҮЕҰДамыту #АзаматтықҚоғам #БізБіргеміз

Photos from Civil Center Almaty's post 07/10/2025

📅 6 қараша сағат 14:00 Алматы қаласында нетворкинг-алаңдары форматында воркшоп болатынын хабарлаймыз!

📣 Тақырыбы: InConnect: біз жасайтын инклюзия. Белсенді үкіметтік емес ұйымдарға арналған воркшоп.
Іс-шара азаматтық қоғам аясында инклюзивті көзқарас пен тәжірибе алмасуды дамытуға бағытталған.

Тренер: Даниярова Шолпан Бахт-Полатовна, «I’mBALA» ҚҚ жетекшісі

📍 Өтетін орны: Renion Park Hotel, Қонаев көшесі, 66.
Орын саны шектеулі - қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет.
🔗 Тіркелу үшін профилдегі сілтемеге басыңыз.
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfIGFUq6VHDXZLdeEqQs5XppEg280UU39cCg_FzMTuNy0-9kA/viewform

📅 6 ноября в 14:00 в г. Алматы состоится воркшоп в формате нетворкинг-площадки.

📣 Тема: InConnect: инклюзия, которую создаём вместе. Воркшоп для активных НПО.

Мероприятие посвящено развитию инклюзивных подходов и обмену опытом в сфере гражданского общества.

Тренер: Даниярова Шолпан Бахт-Полатовна, руководитель ОФ «I’mBALA»

📍 Место проведения: Renion Park Hotel, ул. Кунаева 66.

Количество мест ограничено — участие возможно только по предварительной регистрации.
🔗 Ссылка на регистрацию в шапке профиля.
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfIGFUq6VHDXZLdeEqQs5XppEg280UU39cCg_FzMTuNy0-9kA/viewform

Регистрация на круглый стол «Микропредпринимательство в городах: добровольное решение или вынужденная мера» 03/10/2025

Құрметті әріптестер!


«Стратегия» әлеуметтік-саяси зерттеулер орталығы» Қоғамдық қоры Роза Люксембург қорының Орталық Азиядағы өкілдігінің (RLS-CA) қолдауымен Қазақстанда халықты тиімді жұмыспен қамту/өзін-өзі жұмыспен қамту және отбасылардың қаржылық тұрақтылығы мен әл-ауқатын арттырудағы микро-кәсіпкерліктің әлеуметтік функциясы мен рөлін зерттеуге арналған ғылыми жобаны жүзеге асырды.
2025 жылғы 14 қазанда офлайн форматта «Қалалардағы микрокәсіпкерлік: ерікті таңдау ма әлде мәжбүрлі шара ма?» атты дөңгелек үстел өтеді. Іс-шара барысында жобаның нәтижелері талқыланып, қалалардағы микробизнес жағдайы мен оның әлеуметтік рөлі туралы пікір алмасу жүргізіледі.

Қатысуға шақырылатындар:
кәсіпкерлік бастаманы дамыту тақырыбымен айналысатын қазақстандық ҮЕҰ өкілдері,
 бизнес-тренерлер,
микро және шағын бизнесі бар кәсіпкерлер,
Қазақстандағы кәсіпкерлікті және кәсіпкерлік білім беруді дамыту мәселесін зерттеумен айналысатын ғалымдар мен зерттеушілер,
журналистер.

Өтетін орны: Роза Люксембург қорының Орталық Азиядағы өкілдігінің кеңсесі, орналасқан мекенжайы: Алматы қ., Масанчи к-сі, 98А, 31-кеңсе.

Өтетін уақыты: 14.30-дан 17.30-ге дейін. Іс-шараның жалпы ұзақтығы – 3 сағат. Шара соңында кофе-брейк ұйымдастырылады.

Дөңгелек үстелдің жұмыс тілі: орыс.

!!! Орын саны шектеулі болғандықтан, дөңгелек үстелге қатысуға ниет білдіргендерді төмендегі сілтеме арқылы тіркелуге шақырамыз:
https://forms.gle/c7HDv5hfWbiQwkf97

Барлық сұрақ бойынша мына нөмірге хабарласуға болады:
+7 701 361 3574, жоба үйлестірушісі Ольга Симакова
_____________________________________________________

Уважаемые коллеги!

Общественный фонд «Центр социальных и политических исследований «Стратегия» в сотрудничестве и при поддержке Представительства Фонда Розы Люксембург в Центральной Азии (RLS-CA) реализовал исследовательский проект по изучению социальной функции и роли микропредпринимательства в обеспечении эффективной занятости/самозанятости населения и повышения финансовой устойчивости и благосостояния семей Казахстана.

14 октября 2025 года в оффлайн формате пройдет круглый стол «Микропредпринимательство в городах: добровольное решение или вынужденная мера» по обсуждению результатов проекта, а также обмену мнениями о положении микробизнеса и его социальной роли в городах.

К участию приглашаются:
казахстанские НПО, занимающиеся темой развития предпринимательской инициативы,
бизнес-тренера,
предприниматели, имеющие микро- и малый бизнес,
ученые и исследователи, занимающиеся темой развития предпринимательства и предпринимательского образования в Казахстане,
журналисты.

Место проведения: офис Представительства Фонда Розы Люксембург в Центральной Азии, расположенный по адресу: г. Адматы, ул.Масанчи, 98А, офис 31.

Время проведения: с 14.30 до 17.30. Общая продолжительность мероприятия – 3 часа. По окончании мероприятия запланирован кофе-брейк.

Рабочий язык круглого стола: русский.

!!! Так как количество мест ограниченно, заинтересованных в участии в круглом столе просим пройти регистрацию по ссылке:
https://forms.gle/c7HDv5hfWbiQwkf97

По всем вопросам можете обращаться по номеру:
+7 701 361 3574, координатор проекта Ольга Симакова

Регистрация на круглый стол «Микропредпринимательство в городах: добровольное решение или вынужденная мера» Дата и время: 14 октября (вторник) с 14.30 до 17.30 ч. Организаторы: ОФ "ЦСПИ "Стратегия" в сотрудничестве с Представительством Фонда Розы Люксембург в Центральной Азии

27/09/2025

Хабарландыру
««Цифрлық мемлекет және азаматтық қоғам: серпінді серіктестік»

2025 жылғы 2 қазанда Оқушылар сарайында Алматы қаласының XIV Азаматтық форумы өтеді. Форум аясында үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастығының 300-ден астам өкілдері бір алаңда бас қосады.

Форумның ұйымдастырушысы – Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы.

Форумның күн тәртібінде қалалық инфрақұрылымды цифрлық түрлендірудің өзекті мәселелері қарастырылады: тұрғын үй-коммуналды шаруашылықтан бастап көлік саласына дейін. Цифрлық ашықтықты талдау тәсілдері, мемлекеттік сатып алуларды, мүліктің меншік иелерінің бірлестігі (ММИБ), көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару кооперативі, МИБ-ті бақылау құралдары және ТДМ-ге (Тұрақты даму мақсаттарына) қол жеткізу аясында цифрлық платформалар мен қосымшаларды пайдалану мысалдары ұсынылады. Әсіресе, денсаулық сақтау саласында халықтың барлық топтарының цифрлық технологиялар мен қызметтерге тең қол жеткізуін қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударылады.

Форум шеңберінде «Үздік идеялар – менің қалама» атты әлеуметтік жобалардың көрмесі өтеді. Көрме қорытындысы бойынша жергілікті қауымдастықтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған ҮЕҰ-дың креативті жоба-идеялары номинацияланады.

Азаматтық форумға ҮЕҰ, сарапшылар қауымдастығы, бизнес, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуға шақырылады.

Байланыс телефондары:
+7 701 641 2483 (Ақмарал)
+7 747 622 4662 (Әсел)

Тіркелу және Форум бағдарламасымен танысу: almatycivicforum.kz

_______________

Анонс
«Цифровое государство и гражданское общество: партнерство в действии»

2 октября 2025 года во Дворце школьников состоится ХІV Гражданский форум г. Алматы, который соберет более 300 представителей НПО, государственных органов и бизнеса на одной диалоговой площадке.

Организатор Форума – Управление внутренней политики г. Алматы.

В повестке Форума – актуальные вопросы цифровой трансформации городской инфраструктуры: от ЖКХ до транспорта. Будут представлены подходы к анализу цифровой открытости, инструменты мониторинга государственных закупок, ОСИ, КСК, ОС, а также примеры использования цифровых платформ и приложений в рамках достижения ЦУР. Особое внимание уделят обеспечению равного доступа всех групп населения к цифровым технологиям и сервисам в сфере здравоохранения.

В рамках мероприятия пройдет выставка успешных социальных проектов «Лучшие идеи – моему городу», по итогам которой будут номинированы креативные инициативы НПО, направленные на решение социальных проблем местных сообществ.

Приглашаем к участию и сотрудничеству представителей НПО, экспертного сообщества, бизнеса, государственных органов и международных организаций.

Контакты для справок:
+7 701 641 2483 (Акмарал)
+7 747 622 4662 (Асель)

Регистрация и программа Форума: almatycivicforum.kz

Want your organization to be the top-listed Non Profit Organization in Alma-Ata?
Click here to claim your Sponsored Listing.

Address


Alma-Ata

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00