aibuba

aibuba

Share

01/04/2022

Айдың күннен артықшылығы 🌙

Қасиетті Рамазанның басталуына 1 ғана күн қалды. Әр жыл Рамазанның басталуының өзі бір қызық қой. «Бүгін ауыз бекітеміз бе? Ай көрінді ма? Тарауих қашан?» деп шулап, әйтеурі бір қарасақ елмен қатар сәресі ішіп отырғанымызды байқамай қаламыз 😁

Фиқһи тұрғыдан мәселенің бәрі айдың көрініп көрінбеуіне байланысты. Жалпы біз Мұсылмандар неге күн емес, айдың күнтізбесін қолданамыз? Оның не ерекшелігі бар?

Бүгін осы жайлы Ибн Арабидің қызық бір сөзін оқып қалдым:

«Мұсылмандардың басқалармен салыстырғанда күн емес айдың күнтізбесіне қарай әрекет етуінде бір ақиқат жатыр. Ол ақиқат күннің күндізгі уақытқа, яғни дүнияуи тіршілікке, ал айдың түннің уақытына, яғни ахіреттік тіршілікке негізделуінде» дейді. Расымен ақ Алла Тағала әрбір уақытты белгілі нәрсеге берекелді еткен. Түсті тіршілікке берекелді етсе, түнді құлшылыққа. Мұсылмандар да бұның байыбына барып айлық күнтізбені таңдаған деседі Ибн Араби.

Ойлануға тұрарлықтай. Алла Тағала адамды хайуаннан, рухты нәпсіден, айды күннен, түнді түстен, Рамазанды басқа айлардан, Қадір түнін басқа кез келген түннен үстем етіп қойғаны рас. Бір уақыт келесі бір уақытпен дәрежесі бірдей болмайды. Бұл уақытты сол дәрежеге сай өткізе алуымыз керек және соның дәрежесіне сай осы айдан шығуымыз керек иншалла.

Алла Тағала келе жатқан Рамазанымызды баршамызға мүбарак қылып, осы айдан жеңісті жемісті, рухани бай болып шығуымызды нәсіп етсін. Рамазан мүбарак жұлдыздарым 💛

Photos from aibuba's post 26/01/2022

Құран оқуды бастасам да, жарты жолда қалып қоя береді 😢

Қазіргі адамның ең үлкен проблемасы — бір істі соңына дейін апаратын қауқарының жоқтығында деп ойлаймын. Бұның бірден бір себебі біздің ойлау жүйеміздің жылдамдыққа негізделіп бара жатқанында. Технология жылдамдаған сайын, адам да сол жылдамдықпен бүкіл нәрсеге ие болғысы келеді. 10 минутта пицца заказ беріп үйреніп қалған адамның 2 айда Құран үйренуге шыдамы қайдан жетсін? Ал былай қарасаң, білім алу үшін 2 ай деген түк те емес. Содан соң бір істі соңына дейін жеткізе алмайтынымызға таң қаламыз 🤷🏻‍♀️

Екінші себеп, процесстен ләззәт алу үшін емес, тез тез нәтижеге жету үшін жұмыс жасау. Екі жылдық тәжірибемде курста жалпы екі түрлі студент көрдім. Біріншісі, «тез тез Құран оқып кетсем екен» деп нәтижені көздеген адам. Екіншісі, «Қанша уақыт қажет болса да ең бастысы Құран оқимын ғой» деп ниеттенген адам. Енді қай студент соңына дейін курсты апарады деп ойлайсыз? 🤨

Бірінші студент миында «тез-тез үйрену» деген шартты қойды ма, тез нәтижеге жетпесе, ары қарай желаниесі қашады да курс жайында қалады 💔 Екінші студент «ең бастысы Құран оқимын» деп шарт қойды ма, Құран оқудан шаршамайды ✅ Пайғамбарымыз (Алла одан разы болсын): «Амалдың ең жақсысы тұрақты жасалғаны» дейді. Ал қандай амал тұрақты жасалады? Әрине, процесске көңіл бөлінген амал ғана тұрақты түрде жалғасады.

Нәтижені көздеген адам Құран оқып үйренген сәтте миы «болды, мақсатыңа жеттің, енді қоя ғой» деген сигнал береді де, ары қарай күнделікті Құран оқып жүруге шабыты болмайды. Ал процесске көңіл бөлген адам үшін нәтиже маңызды емес. Ол үшін нәтиже бүгінгі күнде емес, ақіретте. Мақсат құр Құран оқи беруде емес, Алланың ризалығында. Сол себепті ол ешқашан Құран оқудан жалықпайды, керісінше Құранның сырлары оған оқыған сайын ашыла береді ✨

Жалғасы ⏩⏩

постты сақтап, бөлісуді ұмытпаңыз 💛

13/01/2022

Жұлдыздарыма «10 дерттің дұғасы» кітапшасын сыйға тартамын 🎁

Еліміздегі соңғы жағдай адамдардың бойындағы қорқыныш, дәрменсіздік, белгісіздік сияқты хайырсыз сезімдерді арттыра түскендей көрінеді. Директке бір күнде бірнеше адамнан «Тұла бойымды қорқыныш сезімі билегендей. Жүрегім тыныш емес. Қарыздарым өте көп, қалай құтылсам болады?» сияқты неше түрлі проблемалардың дауасы ретінде қандай дұға оқуға болады деген сұрақтар келіп жатыр.

Басымызға бір дерт келсе бірден Раббымыздан дұға ету — проблеманы шешудің жартысы. Өйткені Алла Тағала айтады: «Олар маған дұға етсін, дұға етушіге жауап беремін» (Бақара, 186)

Қазіргі ситуациядағы психологиялық, рухани проблемаларды ойлап отырып, сіздер үшін бір емес бірнеше дерттің дұғасынан тұратын кітапша әзірледім.

Кітапшада 10 дұға қамтылған:

✨ Дәрменсіздіктен құтылу үшін дұға
✨ Апаттардан аман болу үшін дұға
✨ Көңілдің қысылуынан сақтану дұғасы
✨ Кедейліктен сақтану дұғасы
✨ Надандықтан сыйыну дұғасы
✨ Қорыққанда оқылатын дұға
✨ Қиындықта оқылатын дұға
✨ Аштықтан және қиянаттан сыйынатын дұға
✨ Зұлымдықтан сыйынатын дұға
✨ Жүректің тыныштығы үшін оқылатын дұға

Барлық дұғалар Арабша, транскрипция және Қазақша аудармасымен берілген. Иншалла жақында аудио нұсқаларын да алатын боласыздар. Кітапшаны шығарып алып, аудиосын тыңдап күнделікті оқып жаттауға өте ыңғайлы ✔️

Кітапшаны алу үшін бір ғана шарт бар:

✅ Менің оқырманым болып, өзіңіздің сторисіңізде мені белгілеп #дұғаетейік хештегімен осы постты достарыңызбен бөлісуіңіз қажет. (Парақшалары жабық адамдар, директке скрин жіберіңіздер, әйтпесе көрінбейсіздер)

✅ Қалауыңызша осы дұға кітапшасы пайдалы болады деген достарыңызды пікірлерге белгілеп кетіңіз.

Иншалла осындай қиын сәтте сүйікті Пайғамбарымыздың (Алла одан разы болсын) оқыған бұл дұғалары сіздің де дерттеріңізге дауа болады деген сенімдемін.

Дұға етейік, амал жасайық. Әлбетте Алла жеңілдетеді 🤲🏻

P. S. Дұғаларыңызға мені де қосып қойыңыздаршы 💛

Want your school to be the top-listed School/college in Almaty?
Click here to claim your Sponsored Listing.

Category

Website

Address

Almaty